«Тұманбай жыры — тұнған сыр» атты әдеби кеш

Қаражар ауыл кітапханасында Ақын, Қазақтың халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің туғанына
90 жыл толуына орай «Тұманбай жыры — тұнған сыр» атты әдеби кеш өткізілді.
Кештің мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жастарға көркем әдебиетке
деген қызығушылығын арттыру. Шара барысында «Құстар қайтып барады» әнінің тарихына
жеке тоқталып, қысқаша әнге шолу жасалды.