«Қарымды қаламгер» атты әдеби‐танымдық сағаты

Кұндықөл ауыл кітапханасында, Қазақтың көрнекті жазушысы, әдебиет зерттеушісі,
ғалым, драматург, қоғам қайраткер Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл (1940-2025)
толуына орай «Қарымды қаламгер» атты әдеби‐танымдық сағаты өткізілді.
Шара барысында Мұхтар Мағауин — қазақ ұлтының рухын көтерген көрнекті жазушысы,
кеңестік цензураға қарсы тұрып, қазақ жырауларын зертегені және оның өмір жолы
туралы мәліметтер оқырмандарға беріліп, кітап көрмесі ұйымдастырылып насихатталды.