Аймауытов ауыл кітапханасында «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің
көрнекті өкілдері, тұтас бір дәуірдің әдеби үнін жеткізген, ұлттық рухты биікке
көтерген қос қаламгер Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын
таныстыру мақсатында «Бір дәуірдің қос үні» атты әдеби кеш өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандарды терең мазмұнды әдеби туындылармен таныстыру.
Ел арасында кітап оқуға деген сүйіспеншілікті оятып, оқу мәдениетін қалыптастыру.
Төл әдебиетімізге деген құрмет пен қызығушылықты арттырып, рухани құндылықтарымызды дәріптеу.