









Үшқұлын ауыл кітапханасы мен ауылдық клуб ұжымының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай жас және орта буын оқырмандардың қатысуымен «Абай әлемі» атты викториналық ойын өткізілді.
Абай Құнанбайұлы — қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы. Ол 1845 жылы Семей өңірінде дүниеге келген. Абай қазақ халқының рухани мәдениетіне үлкен үлес қосты. Ол өз өлеңдері мен қара сөздері арқылы адамгершілік, білім, еңбек, әділдік сияқты құндылықтарды насихаттады. Абайдың шығармалары қазақ әдебиетін жаңа биікке көтеріп, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырды.