Майқайың кітапханасында 3 дәрежелі Даңқ орденінің толық кавалері Василий Христенконың туғанына 100 жыл толуына орай «Легенда нашего города» атты тарихи‐танымдық сағаты өткізілді.
Мақсаты: Жерлесіміз, Ұлы Отан соғысының батыры, 3 дәрежелі Даңқ орденінің толық кавалері Василий Христенконың өмірі мен ерлігін жас ұрпаққа таныстыру, оның Отанға сіңірген еңбегін, отансүйгіштікке, елжандылыққа, ерлік рухын оқырмандарға насихаттау.