1919 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданының, Көкдөмбақ ауылында дүниеге келді. 19 жасында әскер қатарына алынады. 2 жылдық міндетті отандық борышын өтеп, бірден Фин соғысына қатысқан. 40-шы жылы Ұлы Отан соғысына кірген. Соғыс кезінде «Қызыл орден» иегері болған. Ұлы жеңістен кейін Көкдөмбақ ауылында колхоз шаруашылығын ұйымдастыру жұмысымен айналысты. Жолдасы Қосыбаева Манашпен 7 бала тәрбиелеп, 1986 жылы дүниеден озды, Орден, медальдармен марапатталған. «Ұлы Жеңіске 20, 30, 40 жыл», «КСРО Қарулы күштеріне 60 жыл», 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысында «Германияны женгені үшін», медальдарымен марапатталған.