«Абай — дана, Абай — дара қазақта» атты челлендж

Бүгін, 10 тамыз – қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ағартушы, халқымыздың бас ақыны, философ, сазгер, аудармашы Абай Құнанбайұлының туған күні.
Бұл күн — Абай күні, осы себепті Баянауыл ауданының Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасы «Абай — дана, Абай — дара қазақта» атты челленджді бастады.
Айта өтсек, Абай күні 2020 жылдан бастап Қазақстанда мереке ретінде аталып өтілуде.