Торайғыр ауыл кітапханасында қазақ халқының рухани көсемі, кемеңгер ойшыл, данышпан ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Абай мұрасы — халық ұлағаты» атты кітап көрмесі безендіріліп, оқырмандардың қатысуымен мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Шараның мақсаты: Сайыскерлер өлеңді мәнерлеп оқу, кітап көрмесі, сұрақ‐жауап ойыны, қортындысы марапаттау. Шара барысында Абай Құнанбаевтың өмір баяны туралы айтылып, оқырмандар сұрақ‐жауаптарға ойындарына белсенді қатысып, Абай өлеңдерін айтып, соңында марапатталып, сыйлықтар табысталды. Тындағанда көңілдің әсері бар деп ‐Абай атамыз айтқандай «Желсіз түнде жарық ай» әнін Томирис Жанболатқызы айтты. Абай мұрасы — сарқылмас қазына.