Оқы, көр, әлемді таны” – балаларға арналған танымдық ойын сағаты
Қ. Исабаев атындағы аудандық балалар әдебиет бөлімінде оқырмандар арасында ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – балалардың кітапқа қызығушылығын арттыру, таным көкжиегін кеңейту және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Іс-шара барысында қатысушылар терезелі энциклопедияны пайдаланып, түрлі құпиялар мен жұмбақтардың сырын ашты. Кітаптың көз тартар жарқын иллюстрациялары мен айқарма беттеріндегі қызықты деректер балалардың ерекше назарын аударды.
Ойын түрінде өткен бұл танымдық сағат жас оқырмандардың білімге деген құштарлығын оятып, оларды жаңа мәліметтермен таныстырды.