






Кұндықөл ауыл кітапханасында, Қазақтың белгілі жазушысы, публицист, өлкетанушы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы,
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қалмұқан Исабаевтың туғанына 100 жыл (1925 — 2015) толуына орай
“Ер есімі — ел есінде” атты дөңгелек үстел өткізілді.
Шара барысында Қалмұқан Исабаевтың жастайынан өте зерек, көп оқитын бала болғаны, кітапты қолынан тастамайтыны
айтылды. Ол Ұлы Отан соғысына қатысып, елін қорғаған. Бұл оның өмірінде үлкен ерлікке толы кезең болды. Жазушының
ең танымал шығармасы – «Шоң би». Бұл кітапта әділ би Шоң туралы айтылады. Ол тек тарихты ғана емес, табиғатты да
сүйіп суреттеген. «Ақсу – жер жаннаты» кітабында қазақ жерінің әсем табиғатын керемет бейнелеген. Қалмұқан Исабаев
– қазақ халқының әділдігін, бірлігін дәріптеген жазушы. Ол шығармаларында халыққа үлгі боларлық батырларды, билерді,
ел қорғаған тұлғаларды көрсеткен туралы мәліметтер беріліп, кітап көрмесі ұйымдастырылып насихатталды.