«Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлік пен татулық кепілі» тақырыбындағы тарихи сағат


Лекер ауылдық клубы мен ауыл кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлік пен татулық кепілі» тақырыбындағы тарихи сағаты өткізілді.

Мақсаты: Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы тарихи рөлін түсіндіру;
Ел бірлігі мен достықтың маңызын насихаттау.

Іс‐шара барысында Ассамблеяның құрылу тарихына тоқталып, оның ел бірлігін сақтаудағы және этностар арасындағы татулықты нығайтудағы орны жан‐жақты айтылды.