«Кітап оқыған – пайдалы, кітап оқымасаң – зиянды» атты әңгіме алаңы

Ұзынбұлақ ауылдық кітапханасында «Кітап оқыған – пайдалы, кітап оқымасаң – зиянды» атты әңгіме алаңы өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Іс‐шара барысында оқушылар өздері оқыған кітаптары туралы пікірлерін ортаға салып, кітаптың пайдасы жөнінде ой қозғады. Сонымен қатар, кітапхана қорындағы қызықты әдебиеттерден көрме ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды.
Шараға белсене қатысқан оқушылар өз ойларын ашық білдіріп, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.