«Абай жаққан шамы сөнбесін» атты әдеби кеш

Ақсан ауыл кітапханасы және Ақсан ауылдық мәдениет үйі бірлесе Қазақтың ойшыл ақыны, Ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына — 180 жыл толуына орай «Абай жаққан шамы сөнбесін» атты әдеби кеш өткізді.

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін мәнерлеп оқу. Сөз өнерінің қыр‐сырымын таныстыру. Көркем сөйлеуге, оқырмандарды адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға баулу.

Аталмыш іс‐шара барысында Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы мен өлеңдері кеңінен таныстырылды.