Қыркүйек айының 24‐ші жұлдызы күні Үшқұлын ауылдық клубы және кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен, жасөспірімдер сондай‐ақ ауыл тұрғындарының қатысуымен халқымыздың біртуар перзенті, ұлт мақтанышы, дарынды домбырашы, әртіс, жазушы қаламгер Иса Байзақовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Байзақов әлемі» атты әдеби‐сазды кеш өтті.
Іс‐шараға арнайы қонақ ретінде Майқайың кенті М.Әуезов атындағы ЖОББМ 11 сынып оқушысы, аудандық, облыстық және республикалық түрлі мүшәйра сайыстарының жеңімпазы Төлебекұлы Елдос қатысып, көрермендерге “Келіншек” күйі мен Аспанбек Шұғатайдың “Кереку өңірі” өлеңін тарту етті.