«Жалынды ақын»атты әдеби танымдық сағат

Торайғыр ауыл кітапханасында Қазақтын көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, КСРО және Қазақ КСР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай «Жалынды ақын»атты кітап көрмесі безендіріліп, оқырмандардың қатысуымен әдеби танымдық сағаты өткізілді. Шара барысында оқырмандарға ақынның шығармашылығы мен өлең‐жырлары, өз ұлтын шексіз сүйген жас ұрпаққа елін сүюді, қыран мінезді қаламгердін ерлік пен бірлікті дәріптеу. Жұбан Молдағалиев – қазақ поэзиясының биік шынына көтерілген, отансүйгіштікпен, азаматтық үнімен ерекшеленген ақын. «Мен қазақпын» атты жыры ұлт рухын көтерген мәңгілік мұра боп қалды.