«Газет – журнал сырласым» атты кітапханалық сағат

Лекер ауыл кітапханасында «Газет – журнал сырласым» атты кітапханалық сағат өткізілді.
Мақсаты – оқырмандарды мерзімді басылымдардың түрлерімен таныстыру, олардың қоғам өміріндегі алатын орнын көрсету, жастарды газет‐журнал оқуға тарту,..
Оқырмандарға елімізде жарық көретін негізгі басылымдар туралы қысқаша мәлімет берілді. Атап айтқанда, республикалық «Егемен Қазақстан», жастарға арналған «Ақжелкен», «Балдырған», сондай‐ақ, «Қазақстан әйелдері» мен «Алтын сандық» журналдары таныстырылды.