Бүгін, 26‐қыркүйек Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханада қазақ әдебиетінің ақсақалы, майдангер‐жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қалмұқан Исабаевтың 100 жылдығына арналған «Қажырлы қаламгер» атты портрет кеші өтті.
Шара барысында қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы тың деректер айтылып, оқушылар жазушының өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқыды. Қ.Исабаевтың халқына қалдырған мол мұрасы, елдікке сіңірген еңбегі тағы бір мәрте ұлықталды.
Сонымен қатар, қатысушылар жазушыға арналған арнайы музей бөлмесімен және қаламгердің өз қолымен ұстаған дүниелерімен танысты.
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» дегендей, қажырлы қаламгердің өнегелі жолы әрдайым ұрпақ жадында.