«Алаштың шынары» атты әдеби кеш

Ақсан ауыл кітапханасында Жиырма жасында ұлтын оятып, ұран салған белгілі қайраткер, ақын, педагог Міржақып Дулатовтың туғанына – 140 жыл толуына орай «Алаштың шынары» атты әдеби кеш өткізілді.

Мақсаты: Алаш алыптарының бірі – Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын оқырман қауымға таныстыру.

Міржақып Дулатов тәуелсіздік жолында жазықсыз құрбан болды. 1929 жылы «ұлтшыл» деген айып тағылып, қамауға алынады. Ал, 1935 жылдың 5 қазанында Сосновск станциясындағы лагерь лазаретінде ауыр науқастан көз жұмды. Жарты ғасырдан кейін 1988 жылы Алаш арысы толығымен ақталды.

Іс‐шара барысында қазақ тілінде тұңғыш жарық көрген «Бақытсыз Жамал» романы туралы айтылды. Сол кездегі саяси жүйемен, әділетсіздікті ашық көрсете білгені. Сондай‐ақ, жазушының шығармаларын талдап, өлеңдері оқылды.