Торайғыр ауыл кітапханасында Қазақтын халық композиторы, атақты әнші, ақын‐импровизатор, классикалық халық музыкасының белгілі өкілінің бірі Үкілі Ыбырай Сәндібайұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Бабадан қалған мұра» атты оқырмандардың қатысуымен әдеби‐сазды кеш өткізілді.
Шара барысында оқырмандарға Үкілі Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат ұсынылды.
Оқырман қауымға өнерді құрметтеп сүюге тәрбиелеу, Ыбырайдың сан қырлы өнер иесі екенін дәріптеу, қазақ өнерін биікке көтеруге ақынның қосқан үлесін мақтан ете отырып, оқырмандары талғампаздыққа, мәнерлеп сөйлеуге, тұжырымды ой айтуға, шығармашылыққа баулу. Киелі өнерімен аты аңызға айналған Үкілі Ыбырай сынды тұлғаның уақыт өткен сайын халық қазынасына қосқан әндері келер ұрпаққа баға жетпес мұра екені сөзсіз.