«Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» атты тарихи сағат

Қаражар кітапханасында екінші дүниежүзілік соғыстың жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» атты тарихи сағат өткізілді. Шара барысында Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктері және нақыл сөздері айтылыды. Сондай‐ақ жас оқырмандарға көрмеге қойылған кітаптары насихатталды.