Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде 4-сынып оқушыларына арналған Республика күніне мерекелік шара өтті.
Іс-шара Әнұранмен басталып, балалар Отан, тәуелсіздік туралы көп мағлұмат алды.
«Менің Республикам!» атты викторина ойнады, өз өлеңдерін оқып, елімізге деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Ал «Армандар ағашына» өз армандарын жазып, болашаққа сеніммен қарады. 🌳💭
Шара соңында бәрі бірге:
«Қазақстан – менің Отаным! Республика күні құтты болсын!» – деп ән шырқады
Шараға Ш.Шокин атындағы ЖББМ-нің 4-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Рахима Хасанқызы қатысты. 💐