Казақ елінің егемендігі мен мемлекеттілігінің символына айналған Республика күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше мәні бар мереке. Бұл күн – халқымыздың азаттығы мен тауелсіздік жолындағы табандылығының, ел бірлігі мен ынтымағының мерейлі көрінісі.
Осыған орай, Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханада оқырмандармен «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» атты тарихи кеші өтті.
Іс‐шара барысында оқушылар Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдану тарихымен танысты, Отан туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндер шырқады. Қатысушылар назарына еліміздің жетістіктері мен даму жолын камтыған кітап көрмесі ұсынылды.
Сондай‐ақ, З.Ақышев атындағы ЖОББ мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Республика күнінің тарихи және саяси маңызына тоқталып, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадір‐қасиетін атап өтті. Республика күні – ұлт рухын көтеретін елдік пен егемендікті ұлықтайтын маңызды мереке.
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз мәңгі
болсын!