24 қазан – Кітапханашылар күніне орай мерекелік шара

Бүгін, Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханада 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай мерекелік шара өтті.

Кітапхана – білім ордасы, ғылымның отаны. Оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір тәріздес.

Жоғарыда аталған шара аясында ауданымыздың кітапханашылары марапатталды. Айта өтсек, Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Дисюпова Альмира Аманқызы ҚР Кітапхана одағының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісін Рахметова Айгүл, Карабекова Гүлсара және Акылбекова Жанна есімді кітапханашыларға табыстады. Сондай‐ақ, кітапханашы Байжанова Жақсылық пен Желкобаева Дианаға аудан әкімінің «Құрмет грамотасы» табысталса, Толеубаева Айзадаға аудан әкімінің «Алғыс хаты» ұсынылды.

Мерекелік шарада Руслан Мұқашев кітапхана ісінің мамандарына ізгі тілегін білдіріп Баянауыл аудандық мәслихатының «Алғыс хатымен» кітапханашы Айгүл Мажитова мен Жүсіпбек Әбілеш марапатталды.

Ал Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы атынан марапаттау үшін Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқар Мұқанов шақырылып, Жұмагүл Қабылбековаға «Құрмет грамотасы» және Бахытжан Арыстанбековаға «Алғыс хаты» табысталды.

Бұл марапатталған кітапханашылармен қоса аудандық Қ.Исабаев атындағы орталық кітапхананың басшысы Маржан Хусаинова Павлодар облысының мәдениет, спорт, туризм, ақпарат бюджеттік және мемлекеттік сала қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісін Айжан Жұмабаева мен Бибісара Сарыбаеваға және Жанат Альжановаға табыстады.
Сонымен қатар, С.Торайғыров ат. ғылыми әмбебап кітапханасының «Құрмет грамотасына» Лейла Кошанова иеленіп, «Алғыс хаттары» Меруерт Мажитоваға және Тілеугүл Абылкасова берілді.

Мерекелік шараның соңы Баянауыл ауданы С.Торайғыров атындағы мәдени‐сауық орталығының өнерпаздарының керемет ән шашуларымен өрлеп, тамаша өнерлерімен естен кетпес ерекше кешке жалғасты.

Кітапхана ісінің мамандары төл мерекелеріңіз құтты болсын!