«Ұлт намысының қорғаны» атты тарихи сағат

Лекер ауыл кітапханасында Кеңес Одағының Батыры, ұлт қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ұлт намысының қорғаны» атты тарихи сағаты өткізілді.
Мақсаты: Даңқты батырдың өмірі мен ерлігін, елге сіңірген еңбегін жас ұрпаққа үлгі ету, патриоттық рухта тәрбиелеу.
Шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, батырдың өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасалды.