Торайғыр ауыл кітапханасында ауылшаруашылық қызметкерлер күніне орай мәдениет ұжымы мен бірлесе ұйымдастыруымен «Тұлғалы азамат» атты кітап көрмесі безендіріліп, ауыл жастары арасында сыр‐сұхбат кеші өткізілді.
Шараның мақсаты: Ауылшаруашылығының қызметкерлерінің еңбегін бағалау, еңбек адамдарына алғыс білдіру, жастарды еңбекқорлыққа баулу, қоғамдағы ауыл шаруашылығының маңыздылығын дәріптеу.
Шара барысында оқырмандар сұрақтарға жауап беріп, ойындарға қатысып, өз ойларымен бөлісіп, ән айтып, сонында марапатталып сыйлықтар табысталды. Кең‐байтақ жері бар Қазақстанда ауылшаруашылығының, оның ішінде мал шаруашылығын дамыту мәселесі қашанда өзекті.