«Балалар әдебиетінің бәйтерегі – Сапарғали Бегалин»
Қалмұқан Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті жазушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай танымдық шара өтті.
Іс-шараға Шапық Шөкин атындағы жалпы білім беретін мектептің 6 «А», 7 «А», 7 «Ә» сынып оқушылары қатысты.
Оқу залында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі – Сапарғали Бегалин» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының портреті, шығармалары, фотосуреттері мен қанатты сөздері қойылды.
🎥 Іс-шара барысында жазушының өмір жолына арналған бейнеролик көрсетілді.
Кітапханашы Сапарғали Ысқақұлының балалық шағы, шығармашылық жолы мен әдебиетке сіңірген еңбегі туралы кеңінен әңгімеледі.
📖 6 А сынып оқушысы Ерикова Жанерке Сәбит Мұқановтың Сапарғали Бегалинге арнаған өлеңін оқып, жазушының әдебиет әлеміндегі бейнесін әсерлі жеткізді.
Сонымен қатар, «Шаңырақ әдісі» бойынша интерактивті ойын ұйымдастырылып, қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, суреттер астындағы жасырылған тапсырмаларды орындады.
Шара соңында оқушылар жазушы шығармаларына арналған көрмемен танысып, өз әсерлерімен бөлісті.