Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханада 14‐қараша күні, орталық аудандық кітапхананың жанынан құрылып 8 жылдан бері жас буынды ақындық өнерге жетелеп, салмақты шараларға мұрындық болып келе жатқан «Жыртұма» поэзия клубы ұйымдастырған, қазақтың дара тұлғасы, әнші‐композитор, ақын – Жаяу Мұса Байжанұлының туғанына 190 жыл толуына орай «Даланың Жаяу аңызы» атты әдеби‐сазды кеші өтті!
Жаяу Мұса – еркіндікті жырлаған, әділетсіздікке қарсы тұрған, елінің мұңын жүрегіне сыйғызған ұлы тұлға.
Жоғарыда аталған әдеби‐сазды кеште шара қатысушыларына ақынның шығармашылығы жайлы шолу жасалды. Кітапханашылардың оқырмандарға арнайы дайындаған кітап көрмесі таныстырылды. Сонымен қатар, шара қатысушылары өз жүректерінен шыққан арнау өлеңдерің оқып, әнші‐сазгер Жаяу Мұсаның әндерін шырқады.