«Өмір – өзен» тақырыбындағы кездесу кеші

5‐қараша, Қалмұқан Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханада «Мейірімділікке құштар болайық» жобасы аясында «Өмір – өзен» тақырыбындағы кездесу кеші өткізілді.
Айтулы кеш мүгедектігі бар, әлеуметтік осал топ өкілдерімен, көңілдері кең, дәрежелері тең жандармен жүргізілді. Сондай‐ақ, кездесу кешіне аудан орталығының әлеуметтік қызмет саласының мамандары, мәдениет үйінің өнерпаздары шақырылды.
Кездесу барысында кітапхана қонақтарымен мардымды сөз қозғалып, табиғатынан талантты, талапты жандар өз өнерлерімен бөлісті.

«Басы ауыр­мас­тың қасында жаны ашымас» деген қазақта сөз бар, бір‐бірімізге құрметпен қарайық!