«Әл‐Фарабидын мұрасы» атты тарихи тұлға сағаты

Кұндықөл ауыл кітапханасында, Шығыстың ұлы ойшылы, философ, ғалым, музыкант және энциклопедист Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл‐Фарабидің туғанына 1155 жыл (873–950 ж.ж.) толуына орай «Әл‐Фарабидын мұрасы» атты тарихи тұлға сағаты өткізілді.
Шара барысында: Әл‐Фараби – Отырарда туған әлемге әйгілі ойшыл, философ және ғалым. Ол Шаш, Бұхара, Самарқанд қалаларында білім алып, кейін Бағдат пен Дамаскта ғылыммен айналысты. Философия, логика, музыка, математика сияқты көптеген салаларда еңбектер жазып, «Ұстаздардың ұстазы» атанды. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» мен «Музыканың үлкен кітабы» – оның ең маңызды шығармаларының бірі. Әл‐Фараби адамды білімге, әділдікке, ізгілікке шақырған ғұлама туралы мәліметтер беріліп, кітап көрмесі ұйымдастырылып насихатталды.