Ақсан ауыл кітапханасында жазушы, аудармашы және журналист Қ.Б.Тайшықовтың туғанына – 125 жыл толуына орай «Ұлт жанды азамат» атты әдеби кеш өткізілді.
Мақсаты: Қадыр Тайшықовтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасын оқырман қауымға таныстыру.
Өткен XX ғасырдың 20-30 – жылдары ұлттық әдебиетіміздің бастауында тұрған тұлғалардың бірі – жазушы, аудармашы, сықақшы, музыкант Қадыр Тайшықов. Қадыр Тайшықов Баянауыл өңірінің тумасы және Жүсіпбек Аймауытовпен аталас туыс.
Шара барысында Қадыр Тайшықов – әдебиетімізде фельетон жанрын қалыптастыруға барынша үлес қосып, жалпы сатиралық шығармаларды молынан жазған қаламгер екені туралы кеңінен айтылды.