Ұлы Отан соғысының даңқты батыры, Кеңес Одағының Халық қаһарманы, әскери қолбасшысы әрі көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай З.Ақышев атындағы ЖОББ мектебінде, Қ.Исабай атындағы аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 6 сынып оқушыларына «Қатарда қарумен – бейбіт күнде қаламмен» атты тарихи‐тұлға сағаты өткізілді.
Майдан даласында шебер қолбасшы, стратег және тактик болған Бауыржан Момышұлы өз көзімен көрген қан майдан оқиғаларын ақ қағаз бетіне түсіріп, көптеген мемуарлық еңбек жазған жазушы. Оның қаламынан шыққан 30 томнан асатын еңбектері жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.
Іс‐шара барысында оқушылар Бауыржан Момышұлының өмір жолымен, Отан соғысы жылдарындағы ерлігімен, отан сүйгіштікке үндейтін нақыл сөздерімен танысты.
Оқушылар рухани құндылықтарды дәріптеп, ұлттық болмысты ұлықтауға, құрметтеуге, ой санасын калыптастыруға бағдар алды.
Ұлт қаһарманының өшпес өнегесі ұрпақ санасында мәңгі сақталсын.