Лекер ауыл кітапханасында балаларға арналған Жаңа жылдық мерекелік «Кітап әлеміндегі Жаңа жыл» тақырыбындағы танымдық‐ойын түріндегі іс‐шара өткізілді.
Іс‐шараның мақсаты – балаларды кітап оқуға қызықтыру, ертегі кейіпкерлері арқылы Жаңа жыл мерекесінің маңызын түсіндіру, қиялын дамыту және кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.