«Қазақ рухын жырлаған ақын» атты әдеби‐танымдық сағат

Аймауытов ауыл кітапханасында Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай «Қазақ рухын жырлаған ақын» атты әдеби‐танымдық сағат өткізілді.
Шара барысында жас оқырмандарға Ж.Молдағалиевтің өміржолы мен шығармашылығы таныстырылды. Ақын өлеңдері, бізді елді сүюге ұлттық рух идеясын түсіндіру, туған жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру, өткенді құрметтеуге, болашаққа сеніммен қарауға үйретеді.