«Жылқы жылы жарылқа» атты ойын‐сауық кеші

Жаңа жылды қарсы алу мақсатында «Жылқы жылы жарылқа» атты ойын‐сауық кеші Шоманкөл ауыл кітапханасында өткізілді.
Кеште ауыл жастары түрлі кейіпкер бейнелерін сомдап, қолдан жасаған киімдерін киіп келді, түрлі ойындар ойналып, әзілдер айтылды, ән шашу, би алаңы ұйымдастырылды. Жастар уақыттарын көңілді өткізіп, сыйлықтарға да қол жеткізді.
Кеш соңында мерекелік дастархан жасалды.