Ақсан ауыл кітапханасында композитор, домбырашы, күйші, Қазақстанның халық әртісі Дина Нүрпейісованың туғанына – 165 жыл толуына орай «Күй өнерінің хас шебері» өнер сағат өткізілді.
Мақсаты: Ұлы Құрманғазының шәкірті, лайықты мұрагері Дина Нүрпейсованың өмірі мен шығармашылық мұрасын оқырман қауымға таныстыру.
Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздары қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина Нүрпейісова тағы да жүлделі орындарды жеңіп алды.
Аталмыш іс‐шара барысында Дина Нүрпейісова 94 жасында барша қазақтың астанасы – Алматыда өзінің сүйікті «Әсемқоңыры» мен ұстазы Құрманғазының «Қайран шешем» күйін бебеулете тартып жатып өмірден озған, бүкіл бір ғасырлық ғұмырын халқының ұлы мирасы – күй өнеріне бағыштап, өзінің кісілік, азаматтық борышын жарқын әріптермен жазып кеткен аяулы жан туралы айтылды.