«Э.Д.Соколкин – Павлодар өңірінің шежірешісі» атты танымдық кеш

Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында өлкетанушы, тарихшы Э.Д.Соколкиннің туғанына 90 жыл толуына орай «Э.Д.Соколкин – Павлодар өңірінің шежірешісі» атты танымдық кеш өткізілді.
Шара ауылдық мәдениет үйі ұжымының қатысуымен өтті. Іс‐шара барысында Э.Д.Соколкиннің өмірі мен Павлодар өңірінің тарихын зерттеудегі еңбегі жайлы мағлұматтар ұсынылды. Қатысушылар назарына тақырыптық кітап көрмесі мен слайд‐шолу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қатысушылар өңір тарихына байланысты өз ойларымен бөлісіп, автордың еңбектерімен танысты.