Өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау, қазақ халқының ұлы перзенті, ақын, айтыскер, сазгер, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай, Мұса Шорман ауыл кітапханасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап көрме қойылып, кітапхана оқырмандарының қатысуымен поэзия сағаты өткізілді. Оқырмандарға ақын‐айтыскердің өмірбаяны мен шығармашылықтары толығымен таныстырылды. Оқырмандар жаттап келген поэзияларын ортаға салды.