«Жастар оқуы тиіс 10 кітап» атты библиогид шарасы

Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында 10‐11 сынып оқушыларының қатысуымен «Жастар оқуы тиіс 10 кітап» атты библиогид шарасы өткізілді.
Іс‐шара барысында оқушыларға әлемдік және қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармалары таныстырылып, әр кітаптың идеялық мазмұнына қысқаша шолу жасалды. Қатысушылар Абайдың «Қара сөздері», Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы», Антуан де Сент‐Экзюперидің «Кішкентай ханзада» шығармасы және басқа да кітаптар жайлы пікір алмасты.
Шара интерактивті түрде өтіп, оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, сүйікті кітаптары туралы пікірлерімен бөлісті. Кітап оқу арқылы тұлғалық даму, ойлау мәдениеті мен өмірлік құндылықтар жайлы маңызды ойлар айтылды.
Іс‐шара соңында оқушылар кітапхана қорындағы әдебиеттермен танысып, оқуға ұсынылған кітаптарға қызығушылық танытты.