«Ғарыш миссиясы» атты қызықты танымдық кеші

Торайғыр ауыл кітапханасында ғарышкер, Қазақстанның Халық қаһарманы, Ресей Федерациясының батыры Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаевтің туғанына 75 жыл толуына орай «Ғарыш миссиясы» атты кітап көрмесі безендіріліп, оқырмандардың қатысуымен қызықты танымдық кеші өткізілді.
Іс‐шара барысында оқырмандар ғарыш әлемі, ғарышкерлердің өмірі және ғарышты игерудің маңызы туралы қызықты мәліметтермен таныстырылды. Сұрақтар қойылып, өз ойларымен бөлісіп, оқырмандарға жаңа білім мен ерекше әсер сыйлады.