Жаңатілек ауыл кітапханасының ұйымдастыруымен күйші‐композитор Дина Нүрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай «Күй құдіреті – Дина» атты тақырыпта оқырмандармен арт сағаты өткізілді.
Шара барысында Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, әйгілі күйлерінен үзінділер тыңдалды.
Мақсаты: Қазақтың күй өнерінің құдіретін таныту, күйші‐композитор Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығы арқылы ұлттық мәдени мұраға деген құрметті арттыру және домбыра өнерін насихаттау.