Егіндібұлақ ауыл кітапханасында қазақтың ұлы ақыны, импровизатор, Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай жас оқырмандардың қатысуымен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты поэзия сағаты өткізілді.
Жамбыл Жабаев қазақ халық поэзиясының көрнекті өкілі, көркем сөздің шебері, дастаншы, жырау. Ол шыншыл ақын, оның жырлары халықтың қоғамдық‐саяси өмірін бейнелейді. Жамбыл Жабаев артына өшпес өнеге қалдырып халық поэзиясының атасы атанған бәйтерек тұлға. Шара барысында жас оқырмандарға ақынның өмірбаяны туралы мағлұматтар беріліп, бейнефильмі көрсетілді. Сондай‐ақ арнайы кітап көрмесі үйымдастырылып шығармалары оқылып дәріптелді.