Биыл жазушы, драматург, публицист, коғам қайраткері, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Медеу Сапаұлы Сәрсекенің туғанына — 90 жыл. Аталмыш шара Қ.Исабай атындағы орталық аудандық кітапханада “Дара дарын” атты тақырыбында әдеби танымдық кеші өткізілді. Сөздің, құнын көздің нұрындай қастерлеген қазақ үшін Медеу Сәрсекенің тұғыры биік. Қазаққа керек үш тұлға: Қаныш Сәтбаев, Ебіней Бөкетов, Ермұхан
Бекмахановтай қазақтың маңдайына біткен нар тұлғалардың өмір жолын зерттей келе, оларды ел тарихына қайтаруға жарты ғасырлық ғұмырын арнаған жазушы. Шара барысында
академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің басшысы Қайыргелді Қасымтайұлы, әдіскері Гауһар Серікқазықызы, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы, үздік өлкетанушы Алтынбек Жұматұлы жазушы өмірінің маңызды тұстары, шығармашылығы жайлы сыр шертті.
Кешіміздің соңында: тұрақты оқырман Баширова Диляра Медеу Сәрсекеевтің “Түнгі қонақ” пен “Қойшы шофер” атты әңгімелерінің мазмұнын айтып берді, сонымен қатар, оқушыларға рухани азық алып, кітап оқуға шақырды.