«Медеудің мәнері» атты библиомикс шара

Қ.Сәтбаев ауыл кітапханасы Шадыра мектебінің 5-6 сынып оқушыларымен қазақтың көркем жазушысы Медеу Сәрсекеевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Медеудің мәнері» атты библиомикс шара өткізілді.
Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат айтылып, кітап көрмесімен таныстырылды.
Жазушы жас оқырмандарды білімге, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеуді мақсат етті. Медеу Сәрсекеевтің кітаптары оқырманды ойлануға, туған елін сүюге шақырады. Сондықтан оның еңбектері бүгінгі ұрпақ үшін де өте құнды.