Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында «Қонақжайлық – қанымызда бар қасиет» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барысында қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі, қонақ түрлері (арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ), қонақкәде, дастарқан мәдениеті туралы кеңінен сөз қозғалды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұлттық дәстүрдің қазіргі қоғамдағы маңызы жайында пікір алмасты. Мақал‐мәтелдер айтылып, өмірден алынған мысалдар келтірілді.