Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында «Шежіреде сыр шертсек» атты пікірталас «Дәстүр» клубының мүшелерінің және оқырмандардын катысумен ұйымдастырылды.
Іс‐шара барысында шежіренің қазақ халқы үшін маңызы, оның ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі туралы ойлар ортаға салынды. Пікірталас барысында шежіре сақтау, оны келер ұрпаққа жеткізудің жолдары талқыланып, жастар өз ой‐пікірлерін ортаға салып, үлкендер өз тәжірибелері мен өмірлік қөзқарастарымен бөлісті.
Іс‐шара аясында «Шежіре – ұлт жады» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда қазақ халқының тарихы, рулық шежіре, салт‐дәстүрге арналған кітаптар қойылды.