Құндыкөл ауыл кітапханасында, Қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт азаттық қозғалысының жетекшісі, ғалым, публицист Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл (1866-1937) «Ешкім де, ештене де ұмытылмайды» атты тарихи тұлға сағаты өткізілді.
Шара барысында: Әлихан Бөкейханов 1917 жылы құрылған Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметін басқарды.
Бөкейханов қазақ халқының тәуелсіздігі, жер тұтастығы және білімді ұлт қалыптастыру жолында күресті. Экономика, тарих және этнография салаларында ғылыми еңбектер жазды.
1937 жылы саяси қуғын‐сүргін құрбаны болды, 1989 жылы толық ақталды. Сондай‐ақ, шарада Ә.Бөкейханов туралы мәліметтер беріліп, кітап көрмесі ұйымдастырылып насихатталды.