14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай ауыл кітапханасында «Кітап кімнен?» атты танымдық викторина ұйымдастырылды.
Викторина барысында қатысушыларға түрлі шығармалардан үзінділер оқылып, олардың авторларын табу тапсырылды. Сонымен қатар кейіпкерлерді тану, блиц-сұрақтар және қызықты әдеби ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, білімдерін ортаға салды.
Шара барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сұйындық Оразбек және жастар инспектор Садыков Азат кітапхана қорына өз үлестерін қосып, кітап сыйлады. Бұл игі бастама – жас ұрпақты кітап оқуға баулудың, рухани құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісі болды.