«Өнер тарланы» тақырыбында әңгімелер керуені

Бірлік ауыл кітапханасы Жылбек Ағаділов атындағы мектеп кітапханасымен бірлесе Қаз КСР‐інің еңбек сіңірген халық әртісі, әнші, актер, драматург, профессор Кәукен Кенжетаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Өнер тарланы» тақырыбында әңгімелер керуені өткізілді. «Кәукен Кенжетаев – кино, театр, әншілік, ұстаздық өнерге алғаш жол салғандардың бірі. Мұндай тұлғаны бағаламауға негіз жоқ. Кәукен еңбектері – келер ұрпақтың зерттеп‐зерделейтін мұрасына айналуы тиіс».