Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде қазақ халқының ұлы перзенті, жыр алыбы, айтыс ақыны, жырау Жамбыл Жабаев шығармашылығына арналған таным сағаты ұйымдастырылды.
Іс‐шараның мақсаты – оқушыларды ақынның өмір жолымен таныстыру, шығармаларының мазмұнын терең түсіндіру және ұлттық поэзияға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Шара барысында оқушылар Жамбылдың туған жері, өскен ортасы, ұстазы Сүйінбай Аронұлы, айтыс өнеріндегі шеберлігі және халық мұңын жырлаған туындылары туралы мәлімет алды.
Сонымен қатар, ақынның «Туған елім» толғауының тарихи маңызы айтылып, бейнеролик көрсетілді.
Таным сағаты сұрақ‐жауап бөлімімен жалғасып, оқушылар өз білімдерін ортаға салды. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды
Шара соңында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап көрмесі таныстырылып, оқырмандарды ақын шығармаларын оқуға шақыру ұйымдастырылды.
✨ Жамбыл жырлары – ұрпаққа өнеге, елге мұра.