«Тон пішерге өсиет» атты іс‐шара

Қ.Сәтбаев ауыл кітапханасында «Тон пішерге өсиет» атты іс‐шара өткізіліп, шараға ауылымыздың әжелері мен қыз‐келіншектері қатысты.
Қазақ халқы «Тон пішерге өсиет», ‐деп бекер айтпаған. Бұл – қандай істі бастамас бұрын ойланып, ақылға салып, үлкендердің кеңесін тыңдау деген сөз. Бүгінгі ұрпақ әже өсиетін жүрегіне сақтаса, адаспайды. Сол себепті шарамызға ауылдың өнегелі өнерлі апа‐әжелерін қатыстырып ұрпаққа өнеге болар өсиеттерін тыңдадық. Жаминова Өзипа апа өзінің анасынан көрген тоқығанымен бөлісіп, қолөнердегі ақыл кеңестерімен бөлісті.